Добро пожаловать
Вход / Регистрация

Музей-қорықта алғашқы қымыздан дәм тату мерекесі өтті

Спасибо! Поделитесь с друзьями!

URL

Вам не понравилось видео. Спасибо за то что поделились своим мнением!

К сожалению, только зарегистрированные пользователи могут создавать списки воспроизведения.
URL


Добавлено Музей

Музей-қорықта алғашқы қымыздан дәм тату мерекесі өтті

0 Просмотры
Описание

Музей-қорықтың халықтар және аз санды этнотоптар этнографиясы бөлімінің қызметкерлері қазақтың ежелден келе жатқан алғашқы қымыздан ауыз тию дәстүріі – «Қымызмұрындық» мерекесін өткізді. Іс-шара М. Горький көшесі, 59 мекенжайында орналасқан киіз үй жанында, карантинге байланысты барлық сақтық шараларын сақтай отырып өткізілді. Мерекені аталған бөлімнің аға ғылыми қызметкері Гүлнар Бекбердинова мен этнолог Мирхат Шәмшиев жүргізді.

Мерекені өткізудегі мақсат – қазақ халқының дәстүрлеріне, тарихы мен мәдениетіне, сонымен қатар ұлттық ас мәзіріне ден қойып, назар аудару. Әнші Қуаныш Оралбаев пен облыстық Достық үйінің «Ақбосаға» ансамблінің өкілдері мерекенің құрметті қонақтары болып, концерттік бағдарлама ұсынды.

Мереке бата беру үрдісі көрсетілген театрландырылған қойылыммен басталды. Оны халықтар және аз санды этнотоптар этнографиясы бөлімінің қызметкерлері орындады. Атап айтқанда, тостағандарға қымыз құйылмай тұрып, қазақ этнографиясы бөлімінің ғылыми қызметкері Болат Елікбай бата берген соң шашу шашылды.

Дәстүр бойынша қымыздан ауыз тигізетін мерекелік дастарқан жайылды. Мерекеге жиналғандар түгелдей музей-қорықтың тарихи-археологиялық «Ақбауыр» кешенінің қызметкерлері Сағыр елді мекенінен әкелген қымыздан дәм татуға шақырылды. Бұл мамыр айындағы тіл үйіретін уыз қымыз және 3-4 күн ашытылған құнан қымыз еді.

Жалпы қалыптасқан дәстүр бойынша қымызмұрындық мерекесі кезінде бәйге ұйымдастырылып, әртүрлі жарыстар өткізіледі. Ал аталған іс-шараны ұйымдастырушылар жылқыға, салт аттылар мәдениетіне қатысты сұрақтар қойылған «Сен қымыз жайлы не білесің?» атты викторина ұсынды. Онда бие сүтін пайдалану, қымызды дайындау әдісі және қымыздың атауларына қатысты білімділікті байқату талап етілді.

Викторина жеңімпаздары қымызбен марапатталды.


Музей-қорықтың баспасөз қызметі


В музее-заповеднике состоялся День первой пробы кумыса

Сотрудники отдела этнографии народов и малочисленных этнических групп музея-заповедника провели 27 мая 2020 года древний казахский праздник «Кымызмурындык», посвященный Дню первой пробы кумыса. Мероприятие проводилось в зале на улице М.Горького, 59 у юрты с соблюдением всех норм предосторожности, необходимых при карантине. Ведущими праздника были старший начный сотрудник отдела Гульнар Бекбердинова и этнолог Мирхат Шамшиев.

Цель проведения этого праздника – обращение к традициям, истории и культуре казахского народа, его национальной кухне. Почетными гостями и участниками концертной программы были певец Қуаныш Оралбаев и представители ансамбля «Ақбосаға», областного Дома дружбы. Открытие

началось с театрализованной постановки «Бата – Благословение» в исполнении сотрудников отдела этнографии народов и малочисленных этнических групп. Перед заливкой кумыса в тостағаны, научный сотрудник отдела казахской этнографии Болат Еликпай дал праздничному дастархану свое благословение – бата, затем был проведён обряд шашу.

По традиции был накрыт праздничный дастархан с угощениями. Всех участников пригласили отведать кумыс, который был доставлен из местности Сагыр сотрудниками историко-археологического комплекса «Акбауыр» музея-заповедника. Это был майский уызкымыз и кунан – так называется кумыс через два –три дня закисания.

Как правило, во время праздника «қымызмұрындык» устраиваются байге – конные скачки и различные соревнования. Здесь же организаторами была проведена викторина «Что ты знаешь о кумысе», которая состояла из вопросов, связанных с коневодством, с культурой всадничества. Надо было также проявить свои знания о культуре потребления кобыльего молока, способах приготовления кумыса и его видах.

Победителей викторины наградили кумысом.

Пресс-служба музея-заповедника

Написать комментарий